Accessibility links

Қырғызстан: наразылық жалғасуда, кісі өлімі бар


Қырғызстандағы оппозицияның жаппай наразылық ереуілі жалғасуда. Бішкекте төтенше жағдай тәртібі орнатылды.

Соңғы мәліметке сәйкес, мемлекеттік теледидардың хабар беруі тиылды. Расталмаған хабарға қарағанда, хабар таратын ғимаратты шерушілер басып алды.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері үкімет үйін қоршаған шерушілерге оқ жаудырып, расталмаған ақпар бойынша, қаза болғандар мен жараланғандар бар.

«Рейтер» агенттігінің фототілшісі Бішкектің орталық алаңында 5 өлікті көргенін растады. «Ассошиейтэд пресс» агенттігі кем дегенде 4 кісінің қаза тапқанын хабарлады. Жергілікті ауруханалардың хабарлауынша, аз дегенде жаралы 6 адам келіп түсті.

Наразылық толқуы Ош, Нарын, Талас және Тоқмоқ қалаларын да көтерілді. Қырғыз оппозициясы Құрманбек Бәкиевті жемқорлыққа батты, сөз бостандығын шектеді және әлеуметтік саланы құлдыратты деп айыптап, оның биліктен кетуін талап етуде.

Оппозиция көсемдерінің кейбірі ұсталды. Оның ішінде Өмірбек Текебаев пен Алмазбек Атамбаев бар көрінеді.
XS
SM
MD
LG