Accessibility links

Ауғанстанда сайлау комитетінің 2 басшысы түсті


Ауғанстанда Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасы Әзизулла Лудин қызметінен кетті. Комиссияның жоғары лауазымды екінші қызметкері Дауд Әл-Наджафи де орнынан түсті.

Батыстың бірқатар дипломатымен бірге дәл осы екі шенеунек өткен жылғы президент сайлауының нәтижесін бұрмалады деп айыпталды.

Хабарға қарағанда, президент Хамид Карзай екі шенеунектің қызметтерінен кетуін қанағаттандырды.

Өткен аптада Ауғанстан президенті халықаралық өкілдерді сайлау процесіне араласты және сайлаудың нәтижесін бұрмалауға тырысты деп айыптаған болатын. Оған қоса Х.Карзай сайлау комиссиясының қызметкерлеріне пара беру мен қорқыту-үркіту әрекеттерінің де болғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG