Accessibility links

Бангкокта да төтенше жағдай орнатылды


Тайланд астанасы Бангкоке пен оның төңірегінде премьер-министр Абхисит Ветчачиваның жарлығымен төтенше жағдай тәртібі орнатылды.

Сәрсенбі күні экс-премьер Таксин Чинаватаның мыңдаған жақтаушысы үкіметтің мәжілісі өтіп жатқан парламенткебасып кірмек болды. Мәжіліс үзіліп, министрлерді парламент ғимаратынан соғыс тікұшағымен алып кетуге тура келді.

Өздерін «қызыл көйлектілер» деп атайтын Чинаватаны қорғаушылар Ветчачиваның үкіметін таратып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етеді. Өткен аптада олар Бангкоктағы ірі сауда аудандарының жерін басып алып, оның жұмысын тоқтатты.

Ресми билік жаппай наразылыққа шыққандарға қарсы күш қолдануға асықпай отыр.
XS
SM
MD
LG