Accessibility links

Қырғызстандағы толқуларда кемінде 180 адам жараланды


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі полиция мен ресми билікке қарсы наразылық толқынына шыққан халықтың арасындағы қақтығыстарда кем дегенде 180 адам жараланды.

Министрліктің өкілі Елена Баялинова 180 адамның қаншасы полицейлер, қаншасы жай азаматтар екенін нақтылап айтпады. Ол қанша адамның қаза болғанын да атамады.

Министрлік өкілі, сонымен бірге, жараланған 180 адам тек Бішкекте тіркелді ме әлде басқа қалалардағы кісілер де кіре ме, оны да нақтыламады.

Оның алдында «Рейтер» агенттігінің фототілшісі Бішкектегі президент сарайы маңындағы орталық алаңда 5 өлікті көргенін хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG