Accessibility links

Ресей мен Польша премьерлері «Катыньда» кездесті


Ресей мен Польша премьер-министрлері Владимир Путин мен Дональд Туск Катынь орманында жаппай атылған поляк әскерилері мен саяси репрессияның құрбаны болған совет азаматтарын еске алуға арналған Смоленск облысындағы шараға қатысуда.

Өз сөзінде В.Путин Ресейде тотаритарлық саяси режимдердің қылмыстарын айыптайтынын, бірақ Катынь орманындағы зұлымдық үшін жауапкершілікті Ресей халқына арта салуға болмайтынын мәлімдеді.

«Катынь» мемориалындағы осы шарадан кейін Ресей мен Польша премьерлері бірлескен еске алу рәсіміне қатысып, орыс-поляк қарым-қатынасының халін талқылайды.

1940 жылы Совет Одағы басшылығының бұйрығымен Катынь орманында және СССР-дің тағы басқа аумағында 22 мыңдай поляк азаматы, көбіне әскерилер жаппай атылды.

Ресейдің сот жүйесі осы іс бойынша тергеуді қайта жалғастырудан бас тартып келеді, ал ресми Варшава поляк офицерлерін жаппай қыруға қатысты құжаттардың құпиясын түгел ашуды талап етеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG