Accessibility links

НАТО: "Манастағы" рейстер уақытша тоқтатылды


Ауғанстандағы НАТО жетекшілігіндегі күштердің айтуынша, Қырғызстандағы қақтығыстардан кейін бұл елдің әуе базасынан Ауғанстандағы НАТО операцияларын қолдайтын рейстер уақытша тоқтатылған. НАТО күштерінің баспасөз хатшысы Тэд Шолтистің атап көрсетуінше, рейстердің уақытша тоқтатылуы Ауғанстандағы операцияларға онша әсер етпеген.

АҚШ Ауғанстандағы НАТО күштерін қажетті заттармен қамтамасыз ету мақсатында "Манас" әуе базасын жалға алған болатын. Бішкектегі АҚШ елшілігінің хабарлауынша, "Манас" әуе базасының өзі жабылмаған.
XS
SM
MD
LG