Accessibility links

Украина соты Януковичтің коалициясын мақұлдады


Украинаның конституциялық соты президент Виктор Януковичтің коалициясы заңды түрде құрылған деген шешім шығарды. Янукович егер оның коалициясы заңсыз деп танылса, жаңа парламент сайлауын өткізуге шақыратынын ескерткен еді.

Ақпан айындағы сайлауда Янукович жеңіске жеткен соң парламентте енгізілген толықтырулар арқылы биліктегі коалиция құрылған болатын. Януковичтің қарсыласы бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко оны заңсыз деп атады.

Украинада келесі парламент сайлауы 2012 жылдың күзінде өтеді деп жоспарланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG