Accessibility links

Бәкиев қызметінен кетпейтінін айтты


Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресейдің "Эхо Москвы" радиосына берген сұхбатында айтты. "Мен сайланған мемлекет басшысымын, ешқандай жеңілісті мойындамаймын", - деген Бәкиев. Ол өзінің елдің оңтүстігінде екенін айтып, елден кету жоспары жоқтығын жеткізді. Бәкиев соңғы күндері орын алған зорлық-зомбылыққа байланысты оппозицияны айыптап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG