Accessibility links

Бішкекте түнде талқандаулар мен тонау әрекеттері болды


Бұл туралы Азаттық радиосына Бішкектің уақытша үкімет тағайындаған коменданты Турат Мадылбеков хабарлады. Оның айтуынша, түнде Бішкекте белгісіз топ жер-жерлерді талқандап, тонау әрекеттерін ұйымдастырған.

«Түнгі сағат 23.30-дан бас қала толықтай бақылауға алынды. Қазір елдің қолында жүзден аса автомат, пулемет және оқ-дәрілер бар. Оларды қайтарып алу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Турат Мадылбеков.

Ол сондай-ақ 7 сәуірден бері жалпы республика бойынша қаза болғандардың саны 90 адамға жеткендігін, жарақат алғандардың 2 мыңға жуық екендігін хабарлады.
XS
SM
MD
LG