Accessibility links

НАТО басшылығы Ауған президентін қолдайтындығын мәлімдеді


НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен, соңғы уақыттары АҚШ тарапынан сынға алынған ауған президенті Хамид Карзайды қолдайтындығын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Чикагода сөз сөйлеген Фог Расмуссен, Карзайдың сөздері мен әрекеттері НАТО-ның көңілінен әркез шыға бермесе де, ол Солтүстік атлантикалық одақпен белсенді байланыста екендігін атап өтті.

НАТО басшысы, елді басқару жүйесінің жақсаруы мен жемқорлыққа қарсы күресте ауған жетекшісінің қызметі маңызды екендігін айтты.
XS
SM
MD
LG