Accessibility links

Парламент «Байқоңырды» 2050 жылға дейін жалға беру келісімін бекіттті


Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылдады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы бұл келісімге 2004 жылы қол қойылған еді.

Ресей «Байқоңыр» кешенін 1994 жылдан бері жалға алып келеді. Келісімге сәйкес, енді Ресейдің «Байқоңыр» кешенін жалдау мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылып отыр. Ресей ғарыш айлағын жалға алғаны үшін Қазақстанға жыл сайын 115 миллион АҚШ долларын төлеп келеді.

Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG