Accessibility links

Әлемнің алпауыт елдері келесі аптада Иран мәселесін талқыламақшы


Алты алпауыт елдің өкілдері Иранға қосымша халықаралық санкциялар енгізу мүмкіндігін талқылау үшін келесі аптада қайта кездесуге келісті. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқығына ие Ресей, Британия, Қытай, Франция, АҚШ елдері мен Германия бейсенбі күні Нью-Йоркте кездесіп, уран байытуынан бас тартпай отырған Иранның ядролық мәселесін талқылады.

Батыс елдері Теһран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Иран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркиннің айтуынша, Нью-Йорктегі кездесуде Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дауды аяқтау мақсатында "конструктивті ұсыныстар" талқыланған. Әлемнің алпауыт елдері әлі де болса бұл мәселені Теһранмен дипломатия арқылы шешуді жөн көреді дейді Чуркин.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG