Accessibility links

Алматыда сәуірдің 11-і күні жастар шеруі өтпейтін болды


Бүгін Алматыда қаласының әкімдігінде өткен жиын барысында Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов және қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Алматыда сәуірдің 11-і күні шеруге шықпақ болған жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында жастар билік өкілдерімен мәмлеге келіп, алдағы жексенбіге белгіленген шеруді өткізбеу туралы шешіміге келген, - деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Шеруді ұйымдастырмақ болғандардың бірі - «Рух пен тіл» клубының жетекшісі Жанболат Мамайдың сөзіне қарағанда, билік өкілдері жастардың бірқатар талаптарын орындауға келісім берген.

«Дегенмен Кедендік одаққа қатысты мәселе әлі шешімін тапқан жоқ», - деді Жанболат Мамай.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG