Accessibility links

Қазақстан мен Түркия басшылары қырғыз мәселесін талқылады


Қазақстан мен Түркия президенттері Қырғызстандағы жағдай тезарада тұрақталып, елдегі тәртіп қалпына келеді деп үміттенеді. Бұл мәселені олар жұма күні телефон арқылы талқылады деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі Қазақстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүл сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық пен Түркия президентінің мамыр айында Астанаға жасайтын сапарына қатысты мәселелерді талқылаған.
XS
SM
MD
LG