Accessibility links

Бұрынғы грузин президентінің ұлы түрмеге жабылды


Грузияның бұрынғы президенті Звиад Гамсахурдияның ұлы адам өлтірмекші болды және заңсыз қару иеленді деген айыппен 9,5 жылға түрмеге жабылды. Цотне Гамсахурдияның адвокаты Тбилиси сотының бейсенбі күнгі шешіміне байланысты апелляциялық арыз түсіретіндігін мәлімдеді.

Гамсахурдия 2009 жылдың қазан айында көршісін атып, жаралады деген айыппен қамауға алынған болатын. Ол өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп отыр.
XS
SM
MD
LG