Accessibility links

Пәкістан күштері ауған шекарасына жақын жерде 15 бүлікшіні өлтірді


Пәкістан қауіпсіздік күштері үкіметтік ғимаратқа шабуылдаған бүлікшілердің 15-ін өлтіргенін хабарлады.

Жұмаға қараған түні елдің солтүстік-батысындағы Отакзай ауданында 100-ге жуық бүлікші жергілікті үкімет ғимаратына шабуылдап, бір сарбазды жаралаған.

Пәкістан күштері Оракзайдағы бүлікшілерге қарсы операцияларын өткен айда бастаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG