Accessibility links

Ресей-Германия газ құбырының құрылысы басталды


Балтық теңізінің астынан өтетін "Солтүстік ағын" газ құбырының құрылысы жұма күні ресми түрде басталды. Құбыр Ресейден Германияға дейін созылмақ. Ресейдің Выборг қаласында аталмыш құбыр құрылысының ашылуында сөз сөйлеген президент Дмитрий Медведев бұл құбыр арқылы Ресей газы алғашқы рет тікелей Батыс Еуропаға жеткізілетін болады деп атап көрсетті.

Выборгтағы ресми шараға сондай-ақ Германия канцлері Ангела Меркель мен Голландия премьер-министрі Ян Питер Балкененде және Еуропаның энергетика бойынша комиссары Гунтер Отингер қатысты.

Ресей "Солтүстік ағын" газ құбыры арқылы Еуропа елдерін жылына шамамен 55 миллиард текше метр газбен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл құбырдың құрылысы 2012 жылы аяқталады.
XS
SM
MD
LG