Accessibility links

Қырғызстанда екінші күн аза тұту күні


Сәуірдің 6-ы мен 7-сі күндері Қырғызстанда орын алған халықтық толқулар кезінде қаза тапқандарды аза тұту екінші күнге жалғасты. Сыбайлас жемқорлық бойынша сыналып келген елдің президенті Құрманбек Бакиевке қарсы наразылықтар сәрсенбі күні шарықтау шегіне жетіп, президент биліктен кетірілген.

Жаппай баскөтерулер барысында халыққа оқ атылып, сенбі күні Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі көтерілісте қаз тапқандар саны 79-ға жетті деді. Билікке келген оппозицияның уақытша үкіметі елде екі күн аза тұту шарасын жариялаған. Сенбі күні Бішкекте құрбан болғандарды жерлеу рәсіміне жиналған 3 мыңдай адамның алдында уақытша үкіметтің жетекшісі Роза Отунбаева қаза болғандар Қырғызстанның батырлары деді.

Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, елде тұрақтылық орнай бастағанымен, Бакиев жақтастары қарулы қақтығысты бастайды ма деген қауіп бар.
XS
SM
MD
LG