Accessibility links

Медведев американ әйел асырап алған баланың жалғыз қайтарылғанын сынады


Ресей президенті Дмитрий Медведев американдық әйелдің Ресейден асырап алған 7 жасар баланы Мәскеуге жалғыз қайтарғанын “адам нанғысыз қатыгез әрекет” деді.

Медведев бұл туралы АҚШ-тың ABC телекомпаниясына берген сұқбатында айтып, бұдан былай Құрама Штаттармен бала асырап алу жөнінде келісім-шарт жасалмайынша, американдықтарға Ресейден бала асырап алуға рұқсат берілмейді деді. Оның алдында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та жаңа келісім жасалғанша, АҚШ азаматтарының Ресейден бала асырап алуын тоқтатуға шақырған.

АҚШ мемлекеттік депарментінің өкілі Филипп Кроулейдің айтуынша, АҚШ үкіметі Ресейдің алаңдаушылығын түсініп, бұл оқиғаға қатысты өкініш білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG