Accessibility links

Обама өз хатында Карзайға қолдау танытқан


Ауғанстан президентінің кеңсесі хабарлағандай, АҚШ президенті Барак Обама өзінің Хамид Карзайға жолдаған хатында, Вашингтонның қолдауы жалғаса беретініне сөз берген.

Карзай үкіметінің айтуынша, Обама таяудағы Кабулға сапары кезінде ауған президентінің жылы қабылдағанына ризашылығын білдіріп, Құрама Штаттар Ауғанстанның негізгі стратегиялық әріптесі болып қала береді деген.

Ауған үкіметінің сенбі күні таратқан мәлімдемесіне қарағанда, Обаманың хатын АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі Карл Ейкенбери жеткізген. Бірақ оның қашан жазылғаны туралы айтылмады.

Соңғы күндері Вашингтон мен Кабул арасындағы байланыстар президент Карзайдың мәлімдемелеріне қатысты шиеленісіп кеткен. Ауғанстан президенті өз мәлімдемесінде өткен жылғы президенттік сайлау барысындағы заңбұзушылықтар үшін халықаралық қауымдастықты айыптап сөйлеген.
XS
SM
MD
LG