Accessibility links

Польша президентінің қазасына қатысты үкімет төтенше жиын өткізеді


Польша премьер-министрі Дональд Туск ел президентінің ұшақ апатынан болған қазасынан кейін Варшавада үкіметтің төтенше жиынын өткізеді.

Польша президенті Лех Качиньский отырған Ту 154 ұшағы апатқа ұшырап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапты.

Смоленскіге бара жатқанда апатқа ұшыраған бұл ұшақта барлығы 132 адам отырған. Бұл туралы Смоленск облысының губернаторы Сергей Антуфиев хабарлады. Качиньскиймен бірге ұшақта оның әйелі және Польша армиясының қолбасшылығы мен сыртқы істер вице-министрі Анджей Кремер және бірқатар қоғамдық қайраткерлер болған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, президенттің қазасына байланысты мемлекет басшысының қызметін уақытша атқару міндеттемесі Польша парламентінің спикері Борислав Коморовскийге жүктелді.

Качиньский бастаған делегация Ресейдің Смоленск аймағындағы Катынь еске алу кешеніне бара жатқан. Олар 1940 жылы Катында НКВД-ның мыңдаған полякты атып өлтірген оқиғасына 70 жыл толғанын атап өтіп, онда қырылған польшалықтардың рухына тағзым ету үшін бет алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG