Accessibility links

Ресей жетекшілері Польшаға көңіл айтты


Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен президент Дмитрий Медведев Польша президенті Лех Качиньскийдің қазасына байланысты Польша халқына көңіл айтты.

Ресей жетекшілері Смоленск әуежайына қонуға келе жатқан ұшақтың апатқа қалай ұшырағанына қатысты толық тергеу жүргізуге сөз беріп отыр.

Польша премьер-министрі Дональд Туск бұл қайғылы оқиғаға байланысты Варшавада үкіметтің төтенше жиынын өткізуге шақырды. Бұл апаттан Польшаның президентімен қатар жоғары лауазымды бірнеше ресмилері құрбан болды.
Качиньскиймен бірге әйелі Мария Качиньский, Польша армиясының басшысы, сыртқы істер вице-министрі Анджей Кремер және бірқатар қоғамдық қайраткерлер болған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, президенттің қазасына байланысты мемлекет басшысының қызметін уақытша атқару міндеттемесі Польша парламентінің спикері Борислав Коморовскийге жүктелді.

Качиньский бастаған делегация Ресейдің Смоленск аймағындағы Катынь еске алу кешеніне бара жатқан. Олар 1940 жылы Катында НКВД-ның мыңдаған полякты атып өлтірген оқиғасына 70 жыл толғанын атап өтіп, онда қырылған польшалықтардың рухына тағзым ету үшін бет алған еді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG