Accessibility links

Поляктар ел президенті мен басқа да ресмилерінің қазасына аза тұтуда


Бүгін польшалықтар Ресейдің батысында ұшақ апатына ұшыраған Польша президенті Лех Качиньский мен ел үкіметінің бірқатар мүшелерінің қазасына аза тұтып жатыр.

Польша парламентінің төменгі палатасының төрағасы Бронислав Коморовский мемлекет басшысының қызметін уақытша алып, елді бір апта аза тұту күнін жариялады.

Ресейде совет кезінде жасалған Туполев Ту-154 президент ұшағының сенбі күні Смоленск әуежайына қонуға бара жатқанда қалай ағаш басына ілініп қалып, жерге бөлшектеніп құлағанына қатысты тергеулер басталды. Ресей ресмилері 97 жолаушы мен экипаж мүшелерінің өмірін әкеткен ұшақ апатына қалың тұман мен польшалық ұшқыштардың басқара алмауы рөл атқарды деп біледі.

Польшада онмыңдаған адам гүл шоқтары мен шырақ қою үшін Варшаваның орталығына мен президент сарайы маңына жиналды.
XS
SM
MD
LG