Accessibility links

Иран ирақтықтарды сүнниттерді қоса ұлттық бірлескен үкімет құруға шақырды


Иран Ирақтағы бәсекелес саяси париияларды бірігіп, азшылық сүннит мұсылмандарын қоса отырып, ұлттық бірыңғай үкімет құруға шақырды.

Ирақтағы Иран елшісі Хассан Каземи Қоми бұл үндеуін сенбі күні Бағдадта өткізген баспасөз мәслихатында айтқан. Оның айтуынша, наурыздың 7-де болған сайлаудан кейін бір айдан көп уақыт өткенде ешбір фракция өз үкіметін жасақтай алмады, сол себепті партиялар бас қосып, келісімге келуі керек.

Иран елшісі парламенттегі басым орынды иеленген құрамында сүнниттер мен шииттері бар зайырлы «Ирақия» коалициясының өкілдері алдағы күндері Иран ресмилерімен келіссөздер өткізуі мүмкіндігіне тоқталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG