Accessibility links

АҚШ: Клинтон Манас әуебазасына қатысты Отунбаевамен сөйлесті


Құрама Штаттардан хабарланғандай, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон телефон арқылы Қырғызстанның уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаевамен сөйлесті.

Мемлекеттік департмент өкілі Филипп Кроулейдің мәлімдеуінше, Отунбаева Клинтонға Қырғызстанның уақытша әкімшілігі осыған дейінгі АҚШ пен Қырғызстан арасында «Манас» әуебазасына қатысты жасалған келісім күшінде қалатынына сендірген.

АҚШ-тың хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Клинтон өзінің орынбасары Роберт Блэйкты Отунбаваемен әңгімені жалғастыру үшін Қырғызстанға жолдаған.

Бұларада ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі ретінде Қазақстаннан Қырғызстанға жіберілген Жәнібек Кәрібжанов сенбі күні уақытша үкімет пен президент Құрманбек Бакиев арасында дағдарысты тоқтату жөнінде келіссөздер өткізді деп хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG