Accessibility links

Хельманд басшысына қарсы астыртын әрекетке қатысты деп 3 итальян ұсталған


Ауғанстан ресмилері Қандағар провинциясының басшысына қарсы қастандық әрекетін жүзеге асырмақ болды деген күдікпен италиялық медициналық ұйымда жұмыс істеп жүрген үш адам ұсталды.

Ауғанстанның провинциялық үкіметінің хабарлауынша, бұл іске қатысты күдіктеліп ұсталған алты ауғандықпен қоса үш италиялық азамат ұсталды. Олардың Хельманд орталығы Лашкар қаласындағы ауруханасынан жарылғыш заттар мен тапанша және жанкештінің кеудешесі табылған.

Бұл топтың нысанасына талибандардың қолдауымен Хельманд провинциясының басшысы Гулаб Мангал алынған дейді ауғандық ресмилер.

Миланда орналасқан медициналық қайырымдылық ұйымы өз адамдарынеың бұл іске қатысын жоққа шығарып, қызметкерлерінің ақталып шығатынына сенімді екендерін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG