Accessibility links

Вашингтон: Обама ядролық саммитте Украина президентімен кездеседі


Ақ үйден хабарланғандай, АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні Вашингтонда басталатын ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Украина президенті Виктор Януковичпен келіссөздер өткізеді.

Дүйсенбі күні болатын кездесу ақпан айында Украина сайлауында жеңіске жеткен Янукович пен Обаманың алғашқы бетпе-бет жүздесуі болады. Олар бірқатар мәселелерді талқылайды, оның ішінде ядролық қару таратпау, ғаламдық дағдарыс салдарлары мен энергетикалық қауіпсіздік, қорғаныс ынтымақтастығын сөз етеді.

АҚШ мәлімдемесінде Обама өзінің Януковичпен бірінші болатын кездесуінде, Құрама Штаттар мен Украина арасындағы өзара байланыстарды дамыту мен Стратегиялық әріптестік комиссиясындағы ортақ мүдделерін талқылайтын болады делінген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG