Accessibility links

Судан 25 жылда бірінші рет көп партиялық сайлау өткізуде


Бүгін Судан елі 1986 жылдан бері бірінші рет көп партиялық сайлаулар өткізуде. Үш күнге созылатын дауыс берулер елдің президентін, ұлттық ассамблеяны және жартылай автономиялық аймақ басшысы мен жергілікті жетекшілерді сайлайды.

Алайда дауыс берулер алдында оппозиция билік әділ сайлау өткізуге құлықты емес деп сайлауға бойкот жариялаған. Хабарларға қарағанда, дауыс берулерден оппозициялық кандидаттар шығып кеткен соң, елді 1989 жылдан басқарып келе жатқан президент Омар әл-Беширдің тағы төрт жыл мерзімге билікте қалу мүмкіндігін көрсетіп отыр.

Қазіргі президент Бешир Суданның Дарфур аймағында соғыс қылмыстарын ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған әлемдегі бірінші президент.

Судан елдің 25 жылда бірінші рет өтіп отырған көп партиялық сайлауы кезінде көтерілістерге жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын қамтуға 100 мың полиция күшін тартқан.
XS
SM
MD
LG