Accessibility links

Қырғызстанның уақытша үкіметі Бакиевті қамауға алмақшы


Қырғызстанның уақытша үкіметі жетекшісінің айтуынша, үкімет осы аптаның басында билікке қарсы шерушілер мен үкіметтік күштердің қанды қақтығысында ондаған адамның өліміне әкелген оқиғалар үшін елдің президентін түрмеге жабу үшін қамауға алу мәселесін қарап жатыр.

Роза Отунбаева бұл туралы Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында айтып, Құрманбек Бакиевтің туыстары мен жақтастарын тұтқындауға нұсқау берілді деді. Отунбаева өзінің үкіметі Бакиевке қарсы күш қолданбайды дей келе, бірақ оның қауіпсіздігіне жауап бере алмайтынын айтты.

Бұларада өзінің туған жері Жалал-Абадта жатқан, биліктен қуылған Бакиев халыққа оқ атуға нұсқау бермегенін айтты. Өз өзінің биліктен кетпейтінін, өзін өлтіруге тырысқан әрекеттер Қырғызстанда қантөгіске әкелуі мүмкін деген.

Сәуірдің 7-сі күнгі көтерілістен кейін Бішкектен қашып шығуға мәжбүр болған президент Құрманбек Бакиев елдегі бейберекеттікті тоқтату үшін БҰҰ-ның бітімгершілік күштері қажет деді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG