Accessibility links

Назарбаев Вашингтонда Обамамен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысушы бірқатар мемлекет басшыларымен кездескені туралы Ақ орданың ресми сайты хабарлап отыр.

АҚШ президенті Барак Обамамен кездесу барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президентінің халықаралық қауіпсіздік саласындағы жетістіктерін атап өтті. Одан өзге Назарбаев Обаманы үстіміздегі жылдың қараша айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне шақырды.

Үндістан Республикасының премьер-министрі Манмохан Сингхпен кездесу барысында президент екі елдің Азиядағы сенім мен өзара ықпалдасу кеңесінің аясындағы қарым-қатынасын талқылады.

Біріккен Араб Әмірлігінің әскери күштері жоғарғы қолбасшылығының орынбасары Әбу-Даби мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бин Зайед Әл Нахаянмен кездесу барысында, екі елдің Қазақстан мен БАӘ қарым қатынасының дамуы сөз болды.
XS
SM
MD
LG