Accessibility links

Бакиев Қырғызстанға бітімгершілік күштерін кіргізуді ұсынып отыр


Азаттыққа сұқбат берген Құрманбаек Бакиев, елдегі жағдайды реттеудің жолдары туралы айтты.

Бүгінде Жалал-Абад облысында жүрген Құрманбек Бакиевтің айтуынша, Қырғызстандағы жағдайды қалпына келтірудің екі жолы бар. Біріншісі, Қырғызстанға БҰҰ бітімгершілік күшін кіргізу қажет. Екіншісі, сәуірдің 6-7 күндері Қырғызстанда болған толқуларға баға беру үшін халықаралық комиссия құру керек.

Ол уақытша үкіметтің мүшелерімен келіссөздер өткізуге дайын екендігін тағы да мәлімеді.

Уақытша үкімет аппаратының басшысы Эдил Байсаловтың мәлімдеуінше, Қырғызстанның қазіргі үкіметі Құрманбек Бакиевпен ешқандай келіссөз жүргізбейді.
XS
SM
MD
LG