Accessibility links

Дубай соты шешен қолбасшысының өліміне қатысты 2 адамды түрмеге жапты


Дубай соты екі азаматты 2009 жылы шешендердің әскери қолбасшысы Сулим Ямадаевқа жасалған қастандыққа қатысы бар деп айыптап, өмір бойы бас бостандығынан айырды. Тәжікстан азаматы Махсуд Жан Асматов пен ирандық Мехди Таки Дахурияға Ямадаевты өлтіруге көмектесті деген айып тағылды. Ямадаев өткен жылы Біріккен араб әмірліктерінде оққа ұшқан болатын.

Дубай полициясы Ямадаевқа қарсы қастандықты Шешенстан президенті Кадыровтың кеңесшісі Адам Делимханов ұйымдастырды деп айыптап отыр. Бірақ Делимханов бұл айыптауларды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG