Accessibility links

Обама Армения мен Түркияны татуласуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Армения мен Түркия қарым-қатынастарын жақсарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Обама бұл туралы ядролық қауіпсіздік жөнінде халықаралық саммит өтіп жатқан Вашингтонда Армения президенті Серж Саргсянмен кездескенде айтты. Армения президент әкімшілігі Серж Сарксянның Вашингтонда Түркия премьер-министрі Тайип Эрдоганмен кездескісі келетіндігін хабарлады.

Ереван мен Анкара өткен жылы қазанда дипломатиялық байланысты қайта орнату туралы келісімге қол қойған еді.

Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Осман империясында жүз мыңдаған армянның қырылу оқиғасына берілген бағаға байланысты келіспеушіліктерден кейін үзілген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG