Accessibility links

Ресей ядролық қаруларды азайту келісімінен шығуы мүмкін


Ресей президенті Дмитрий Медведев, Ресей өткен аптада Прагада қол қойылған стратегиялық қаруларды қысқарту жөніндегі келісімінен бас тартуы мүмкін екендігін атап өтті. Оның пікірінше, Еуропада жүзеге асырылатын АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасында «теңдік» сақталмауда.

Медведевтің сөзінше, АҚШ өзінің зымыранға қарсы қорғанысын күшейтпеуі қажет. Өйткені ол Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Ресей мен АҚШ стратегиялық қаруларды қысқарту жөніндегі келісімге үстіміздегі жылдың 8-сәуірінде қол қойған еді. Ол бойынша ядролық оқтұмсықтарды 1550-ге дейін қысқарту көзделген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG