Accessibility links

Қазақстан президенті өз атындағы университетте оқитын 500 студентке грант бөлді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Nazarbayev university жоғарғы оқу орнында білім алғысы келетін 500 талантты жасқа грант бөлуді тапсырды. Бұл туралы сейсенбі күні үкімет кеңесінде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов хабарлады.

«Жобаның маңыздылығын ескере отырып, мемлекет басшысы Қазақстанның 500 талантты жасына грант бөлу туралы шешті. Олар 2010 жылы университетке оқуға түсе алады», - деді премьер-министр.

Осыған байланысты қаржы, білім және ғылым министрліктеріне тиісті тапсырмалар берілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG