Accessibility links

Ресей қауіпсіздік басшысы: 170 бүлікші ұсталды


Ресей қауіпсіздік күштері осы жылы бүлікші деп күдіктелген 170 адамды қамауға алып, 10 лаңкестік шабуылдың алдын-алған. Бұл туралы сейсенбі күні ФСБ қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников хабарлады. Ол сондай-ақ Мәскеу метросы мен Дағыстандағы жанкештілік жарылыстарды жүзеге асырғандар мен ұйымдастырушылар анықталды деп мәлімдеді. Бортников бұдан басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді. Наурыздың 29-да Ресей астанасында орын алған шабуылдардан 40 адам қаза тапқан болатын.

Бортниковтың айтуынша, сонымен қатар қараша айында Мәскеуден Санкт-Петербургқа аттанған пойызға жасалған шабуылға қатысы бар 26 бүлікшінің көзі жойылып, тағы басқа 14 бүлікші тұтқындалған.

Мәскеу метросында болған жарылыстарға байланысты жауапкершілікті шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаров өз мойнына алған еді.
XS
SM
MD
LG