Accessibility links

Польшада кезектен тыс президент сайлауының уақыты белгіленеді


Бүгін Польшада кезектен тыс президенттік сайлаудың мерзімі белгіленбек. Сайлаудың өту мерзімі туралы президенттің қызметін уақытша атқарып отырған Бронислав Коморовский жариялауы керек.

Сәрсенбі күні Ресейден Варшаваға, Смоленск маңында ұшақ апатынан қаза тапқан 30 адамның мәйіті жеткізіледі. Ресей денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Татьяна Голикованың хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болған 96 адамның жартысының кімдер екендігі анықталған.

Сейсенбі күні Варшавада мыңдаған адам ұшақ апатынан қаза болған Польша президенті Лех Качиньский және оның зайыбы Мариямен қоштасу үшін президент сарайына келді.

Туыстарының қалауы бойынша, марқұмдар осы аптаның соңында Краковта жерленеді. Жерлеу рәсіміне АҚШ пен Ресей президенттері қатысады деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG