Accessibility links

Иран президенті АҚШ-ты екіжақты байланысты жақсартуға шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад АҚШ президенті Барак Обаманы екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға шақырды.

Иранның мемлекеттік арнасына сұқбат беру барысында Ахмадинежад Барак Обаманың Иранмен арадағы байланысты жақсартуы – оның сайлау алдында уәде еткен өзгерістерді іске асырудағы саяси қадамы болатындығын атап өтті.

Теһранмен жақсы қарым-қатынаста болмайынша Обаманың билікте қалуы екіталай деген пікірін де жеткізді Иран президенті.
XS
SM
MD
LG