Accessibility links

Татарстанда Қырғызстанның уақытша үкіметін қолдау шарасы өтті


Татарстан астанасы Қазан қаласында Қырғызстанның уақытша үкіметіне қолдау көрсетушілердің шарасы өтті. Шара қатысушылары өздерінің Қырғызстан халқымен ынтымақтастығын білдіргісі келді дейді «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Татар-Башқұрт қызметі.

Шараны Татарстандағы қазақ диаспорасы мен жергілікті коммунистік партиясы мүшелері ұйымдастырды. Олар Қырғызстанның бүгінгі жағдайы мен соңғы болған оқиғаларға Құрманбек Бакиев пен оның отбасы жауапты деген пікірде.

Қырғызстандағы наразылық шарасы барысында 82 адам қаза болып, мыңнан аса адам зардап шекті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG