Accessibility links

АҚШ Қырғызстанның уақытша үкіметіне көмектесуге әзір


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйктің мәлімдеуінше, Вашингтон Қырғызстанның уақытша үкіметіне көмектесуге әзір. Бішкекте уақытша үкіметтің жетекшісі Роза Отунбаевамен келіссөз өткізген АҚШ дипломаты уақытша қырғыз үкіметінің жасап жатқан қадамдарына оптимизм танытты.

Өткен аптада елде орын алған қақтығыстардан кейін президент Құрманбек Бакиев Жалалабадқа қашып кеткен болатын. Бакиев егер оның және оның туыстарының қауіпсіздігіне кепілдік берілсе, өзінің биліктен кететінін мәлімдеді. Сәрсенбі күні Отунбаева Бакиев сотқа тартылуы тиіс деп атап көрсетті бірақ онымен келіссөздер өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG