Accessibility links

Қытай: жер сілкінісінің құрбандары 600-ден асты


Қытайдағы қуатты жет сілкінісінің құрбандары 617-ге жетті.

Билік құрбандардың өсе түсетінін жоққа шығармайды, өйткені үйінділердің астында әлі талай адам қалды. 300-ден астам кісі хабар-ошарсыз кетті деп есептеліп отыр.

Зілзала болған Цинхай өлкесі әкімдігінің мәліметі бойынша, жергілікті 10 мың тұрғын жараланды.

Сәрсенбі күні болған жер қозғалысының таулы Юйшу оязында орналасқан кіндігінде оның қуаты 6,9 балға жетіп, оязда ғимарат-үйлердің көпшілігі қирады. Көшкін салдарынан жолдар бұзылды.

Франция, АҚШ және Жапония табиғат апатының салдарымен күресу үшін Қытайға көмек көрсетуге әзір екендерін мәлімдеді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG