Accessibility links

Джакартадағы қақтығыста 3 полицей қаза тапты


Индонезияның астанасы Джакарта қаласында наразылыққа шыққан жұртпен қақтығыста қаза болған полицейлердің саны 3-ке жетті. Қала әкімдігі хабарлағандай, бейсенбі күні таңертең ауруханада алған жарақаттарынан тағы бір тәртіп сақшысы көз жұмды. Сәрсенбі күні екі полицей мерт болды. 100-ден астам кісі жараланды.

Джакарта қаласында қала әкімдігінің 18 ғасырдағы мұсылман әулиесі жерленген зиратты қиратпақ болған ниетіне қарсы наразы болған жүздеген кісі көшеге шықты. Бірнеше жыл бұрын ислам әулиесінің сүйегі басқа жерге қайта жерленді. Бірақ оның бос қалған зираты да киелі саналады.

Қолдарына сойыл, қылыш-қанжар ұстаған бір топты жұртты қуып тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ, суатқыш және бұрыш салынған оқтарды қолданды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG