Accessibility links

Жаңа билік президент Бәкиевті күштеп ұстамайды


Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отынбаева жаңа биліктің президент Құрманбек Бәкиевке қарсы күш қолдану ниеті жоқ деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні журналистерге Роза ханым Бәкиевпен оның президент билігінен кетуі туралы тікелей келіссөздің өткізілмегенін хабарлады.

Осы күні елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында Қ.Бәкиевтің жақтастары өткізбек болған митингіні жаңа билікті қолдаушылар соңына жеткізбей бұзды. Президенттің күзетшілері оны қақтығыстан аман алып кету үшін әуеге оқ атуға мәжбүр болды.

Одан кейін Қ.Бәкиев өзінің туыстары мен жақындарынан құрылған оны қорғаушылар штабы орналасқан Жалалабад қаласына оралуға мәжбүр болды.

Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, Қырғызстанның тергеу мекемелері Қ.Бәкиевтің отбасына жататын кәсіпкерлік-нысандарының тізімін құрастыру үстінде.

Қаржы министрінің міндетін атқарушы жаңа вице-президент Темір Сариев президенттің кенже ұлы мен оның жақын маңайының қатысы болған 7 банкке сыртқы басқару енгізілгенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG