Accessibility links

Жанартау оянып Англияның барлық әуежайы жабылды


Исландиядағы жанартаудың оянуы Ұлыбританиядағы әуежайлардың көпшілігінің жабылуына себеп болды. Жанартаудан көтерілген шаңның британ аралдарына жақындаған бұлты әуе кемелерінің моторларын істен шығаруы мүмкін деген үрей бар.

Тілшіміздің хабарлауынша, бейсенбі күні Лондонның Хитроу әуежайында 250 ұшақтың қатынасы, ал Гэтуик әуежайында 100-ден астам ұшақтың қатынасы тоқтатылды. Шотландияның барлық әуежайы жабылды. Бирмингэм, Манчестер, Ливерпуль әуежайлары да көптеген әуе қатынасын тоқтатты.

Ұлыбританияның ауа райын болжайтын қызметі сәрсенбі күні Исланияның оңтүстігіндегі жанартаудың оянуы әуе қатынасына қатер төндіреді деген құлақтандыруын жариялады. Оянған жанартаудан көтерілген шаңның орасан зор бұлты британ аралдарына жақындап келеді.

200 жыл бойы сөніп жатқан жанартаудың оянуы Ирландия мен Норвегияның әуе жайларын жабуға да себеп болды.
XS
SM
MD
LG