Accessibility links

Құрманбек Бакиев Қазақстанға ұшып баруы мүмкін


Биліктен аластатылған қырғыз президенті Қ.Бәкиев Қазақстанға ұшып шықты, деп хабарлады қазір ғана Би-Би-Си агенттігі.

Оның алдында ғана Қ.Бәкиевтің өзі қазақ елбасы Н.Назарбаевтың оны Қазақстанға шақырғанын хабарлаған болатын.

Оның атап көрсетуінше, қазір оның тағдырын Ресей, Қазақстан және тіпті АҚШ талдап жатыр. Оған қазір ғана Қазақстан президенті Н.Назарбаев телефон соғып, жеке өзі Қазақстанға шақырды.

Бәкиевтің хабарлауынша, Беларусь президенті А.Лукашенко да өзіне саяси баспана беруді ұсыныды. Бірақ қырғыз президенті өзіне саяси баспананың қажеті жоқтығын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG