Accessibility links

Құрманбек Бакиев Қазақстанға ұшып шықты


Биліктен қуылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиевті Астанаға алып кетуге Қазақстаннан ұшақтың келгенін және оның осы ұшақпен кеткенін өзін Бакиевтің баспасөз өкілі деп атайтын Үміт Кушабакова растап отыр деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз редакциясы.
Уақытша үкімет бұған еш пікір білдірген жоқ.

Дегенмен Жалал-Абад губернаторының кеңсесі Бакиев Астанаға келіссөздер жүргізуге кетті деп мәлімдегенімен онымен бірге бауырлары немесе басқа біреулердің бірге ұшқан-ұшпағанын айтпады.


Осының алдында ғана Бакиев Қазақстан президенті Назарбаевтың өзін Қазақстанға шақырғанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG