Accessibility links

Еуропада мыңдаған әуе рейсі кейінге қалдырылды


Бүгін, Атлантика арқылы ұшатын әуе рейстерінің жартысы Исландиядағы жанартаудың оянуына орай, тағы да кейінге қалдырылып отыр.
Бұл туралы Еуропаның әуе қатынастар қауіпсіздігі жөніндегі – Еуробақылау ұйымы хабарлады.

«Жағдайды сараптау барысында жанартаудың шаңды түтінінен тараған бұлттардың жайылуы оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа ойысқанын көрсетіп отыр», - делінген Еуробақылау таратқан коммюникеде.

Бейсенбі күні таңертең жанартаудан шыққан шаңды бұлттар Бельгия, Нидерланды, Солтүстік Германия, Солтүстік Франция және Польшаның солтүстік бөлігін жауып тастаған еді. Бейсенбінің ортасында Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Дания, Швеция және Финляндияның әуе кеңістігі толықтай тұмшаланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша аталған аймақтарда орналасқан әуежайлар бірнеше күнге дейін жабық болады, алайда олардың жұмысының қалпына келуі атмосфера жағдайына байланысты.
XS
SM
MD
LG