Accessibility links

АҚШ-Еуропа әуе қатынасындағы үзілістер кемінде 1 күн созылады


Еуропаның Eurocontrol авиация агенттігі әуе қатынасындағы үзілістердің кем дегенде тағы 1 тәулікке созылатынын хабарлады.

Исландиядағы жанартаудың оянуы салдарынан бейсенбі және жұма күндері АҚШ-тан Еуропаға қатынайтын ұшақтардың кемінде тең жартысы әуеге көтерілмеді.

Жанартау атмосфераның 12-15 шақырымдық жоғарғы қабатына орасан зор күл мен шаң көтеріп, ол негізінен солтүстік-батыс Еуропаның үстіне жайылды. Күл мен шаң ұшақтың әуе жолында бөгет болып, әуе кемесінің моторына да қатер төндіреді.

Англия мен Ирландияның, Скандинавия түбегі елдерінің, Голландия, Бельгия, Латвияның әуе кеңістіктері түгел, а Франция мен Польшанікі жартылай жабылды.

Ақ үй мәлімдегендей, АҚШ президенті Барак Обаманың Польша бару жоспары өзгермеді. Обама ұшақ апатынан қаза тапқан поляк президенті Лех Качиньскийді жексенбі күні болатын жерлеу рәсіміне қатысуға тиіс.

Алайда, делінеді Ақ үйдің осы мәлімдемесінде, ресми Вашингтон Еуропаның әуе қатынасындағы ахуалды бақылап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG