Accessibility links

Пәкістанда БҰҰ-ның есебі талқыланып жатыр


Пәкістанның экс-президенті Первез Мушаррафтың көмекшісі Беназир Бхуттоны өлтіру ісін тергеген БҰҰ комиссиясының есебін «шылғи өтірік» деп санайды.

Өткен бейсенбіде БҰҰ-ның тергеу комиссиясы генерал Мушаррафтың билігі мен қауіпсіздік қызметінің Бхуттоға қарсы қастандықты болдырмауға шамасы болғаны айтылған есебін жариялады. Есеп Беназир ханымды өлтірген істі тергеуге қауіпсіздік қызметі мен и шенеунектер қасақана кедергі жасады деген қорытындыға келеді.

Бұл есепті Бхуттоның қазір Пәкістанды билейтін Халық партиясы мен президент Әли Асиф Зардари құптады.

Алайда Мушаррафтың көмекшісі Рашид Қуреши БҰҰ-ның баяндамасын өсек-аяңдарға негізделген және бұл іске Мушарраф пен қауіпсіздік қызметін негізсіз араластырды деп мәлімдеді.

Пәкістан оппозициясының жетекшісі Беназир Бхутто 2007 жылдың желтоқсанында сайлауалды науқаны кезінде қастандықтан құрбан болды. Саяси күреске қатысу үшін Беназир ханым қазасының алдында ғана ұзақ жылғы қуғыннан елге оралған болатын.
XS
SM
MD
LG