Accessibility links

Пәкістанда 5 американдықтың соты жалғасады


Бүгін Пәкістанда террорлық істер бойынша айыпталған бес американдықтың соты қайта басталады. Саргодха қаласындағы сот процестері жабық есік жағдайында әрі қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда өткен.

19-бен 25 жас аралығындағы 5 американдық мұсылман өткен жылы желтоқсанда Саргодха қаласында ұсталған. Пәкістан билігі оларды экстремистік топтармен байланыс құрып, елде террорлық шабуылдар жасамақшы болды деп айыптайды.

Күдіктілер өздерінің еш айыбы жоқ екенін, қамауда болғанда өздерін ұрып-соғып қинағанын айтады. Олардың адвокаттары да Пәкістан үкіметін айғақтарды қолдан жасап отыр деп сынады. Пәкістан тарабы оны жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG